Алматыда жерасты газ құбыры жарылып, екі адам зардап шекті

23

Алматыда Байзақов көшесі мен Бұқар жырау гүлзары қиылысында жерасты газ құбыры жарылып, екі адам жарақат алды.

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, құбырды тексеру кезінде жарылыс орын алған. Қатты соққыдан жол жамылғысы опырылып, ағаш түбімен қопарылған. Оқиға кезінде жанында тұрған Toyota Land Cruiser көлігі жоғары көтеріліп, аударылып түскен.

Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті. Олар дереу ауруханаға жеткізілді.  Науқастар дәрігерлердің бақылауында.

Оқиға орнында жауапты мамандар жұмыс істеуде. Апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Аталған аймақ қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Тиісті органдар, оқиғаға байланысты ресми мәлімет береді деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Елімізде жол апатынан қаза тапқандардың саны артты
Келесі пост
Шымкентте «ҚазМұнайГаз Инвест» атты қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu