43
Астана да Байқоңыр ауданындағы үш қабатты ғимараттан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер, қызыл жалынды ауыздықтауға тырысқанымен, от лезде тарап кеткен. Салдарынан, қабатаралық жабын ішінара құлаған. Қызыл жалын бүкіл ғимарат аумағына тарап, үлкен көлемде шарпыды. Көп көлемді жанғыш жүктеменің болуы салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Өйткені, өрт туралы хабар кеш берілген.
Оқиға орнында, ТЖД, ЖАО 165 қызметкері және шамамен 62 бірлік техникасы жұмыс істеді.
Қазіргі таңда, өрт оқшауланды. Өрттің шығу салдары анықталу үстінде.