Шымкентте жедел желіге отбасылық жанжалға байланысты 6 айда 4 мыңға жуық қоңырау түскен

39

Үшінші мегаполисте, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қайта құқық бұзуға жол бермеу және тіркеуде тұрған тұлғалардың мінез құлқын бақылау жасау үшін тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ, соған қарамастан қоңырау шалып көмек сұрайтындардың саны басым. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартысында 4 мыңға жуық отбасыдан қоңырау келіп түскен. Олардың басым бөлігі ене мен келін, ата мен баланың арасында дау басылар емес дейді инспекторлар.

ДИАНА САХИБЕКОВА, Шымкент ҚПД ЖПҚБ Отбасылық тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы:

« Бізде көпшілігі жетіспеушіліктен басталады. Уақыты көп адам, ішеді, бала шағасын ұрады. Көбінде қызғаныштан болады. Мәселен, ене мен келін, атасы мен баласы арасында дау туындайды. Қайын атасы мен келіні арасында қоңыраулар келіп түседі. Солардың бірін анықтап, біздің қызметкерлер, отбасы қолдау орталығымен бірлесіп жұмыс атқарамыз. Әкімшіліктен бізге кабинет берілген болатын. Тараптарды шақырып, хаттама толтырады. Екеуінің арасында болған мән жайды біліп, қорғау нұсқамасы толтырылады. Ал екінші рет қоңырау түскен болса, әкімшілік құқыбұзушылықтың бабымен хаттама толтырылады. Оларға шара көріледі»

Айта кетейік, инспекторлар профилактикалық жұмыстарды ұдайы жүргізіп отыр. Мәселен, қаладағы дағдарыс орталықтарына жыл басынан бері 712 әйел жүгінгенін анықтады. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені және спирттік ішімдікті ішкені үшін 2266 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 262 және тұрғын үйден тыс жерлерде болған 5 мыңнан астам жасөспірімге шара көрілген.

Алдыңғы пост
Ақтөбеде вейптердің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды
Келесі пост
Экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu