29
Ақтау қаласының прокуратурасымен «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жалақы төлеу заңдылығы бойынша талдау жүргізілді.
«Нәтижесінде, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды. Жалпы берешек сомасы 197 млн теңгені құрады. Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық өндіріліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Өз кезегінде, жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокуратурамен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.