25
Алматы облысы Қарасай ауданында Сәтпаев шыңында 4317 метрде іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді.
23 жастағы турист соқпақтан адасып, тік жартасты беткейде қалып қойған. Өздігінен түсуге мүмкіндігі болмаған. Зардап шегушімен байланыс тұрақсыз болды, геолокация анықталмаған.
Құтқару операциясын жүргізу үшін кинологпен бірге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жедел түрде жолға шықты. Іздеу жұмыстары биік таулы, сусыма тастар мен тік жартастар кездесетін қиын өткелдерде жүргізілді.
Нәтижесінде, 8 сағаттан астам уақытта турист табылып, таудың етегіне дейін жеткізілді. Абырой болғанда, оған медициналық қызмет қажет болған жоқ.