26
Алматы қаласындағы әйгілі Медеу мұз айдынында ұлттық қолөнерді дәріптеуге арналған «Аламан құрақ – 2025» атты ауқымды мәдени жоба өтті. Соның аясында, қазақтың құрақ құрау өнері, тұңғыш әлемдік рекордтар кітабына енді.
Игі шара аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 660 құрақ шебері бірлесіп, жалпы көлемі 1366 шаршы метрге жететін құрақ көрпені біріктірді. Бұл ерекше туынды Global Book of Records халықаралық рекордтар кітабынан орын алды.
Абай облысының атынан қатысқан 13 мұғалім мен 2 оқушы бұл жетістікке тікелей атсалысып, әлемдік рекорд иесі атанды.