Жол құрылысы сапасына жауапты техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігі күшейтілді

28

Қазақстанда автожолдарды салу және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Оның маңызды бағыттарының бірі – жол құрылысы жұмыстары барысында техникалық және авторлық қадағалау талаптарының күшейтілуі болды деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

«Енді автожолдардың құрылысы мен жөндеуін қадағалайтын ұйымдар жол құрылысы саласындағы кәсіби мамандарды штатқа алуға міндетті. Бұған дейін аккредитация алу кезінде бұл талап міндетті болып саналмаған. Жаңа өзгеріс бақылау сапасын арттыруға және жол жөндеу жұмыстарының қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, қадағалаушы мамандардың құқықтық жауапкершілігі де күшейтілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, техникалық және авторлық қадағалау жүргізетін тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілді. Бұл олардың қызметін тиісінше орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Қабылданған шаралар еліміздің автожол инфрақұрылымының сапасын арттыруда маңызды кезең болмақ.

Алдыңғы пост
Прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғады
Келесі пост
Биылғы бірінші жартыжылдықта 32 спорт нысаны пайдалануға берілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu