Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ірі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жыл басынан бері елімізде 32 спорт нысаны іске қосылды.
«Ел игілігіне берілген нысандардың ішінде ерекше атап өтерлік жоба – Ақмола облысының Зеренді ауылында салынған жаңа спорт кешені. Бұл – мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен толықтай қаржыландырылған еліміздегі алғашқы спорт нысаны. Жалпы ауданы 6 мың шаршы метрден асатын кешенде еркін және қазақ күресі, бокс, ауыр атлетика, шаңғы спорты және жалпы дене дайындығына арналған залдар, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық кабинет, массаж және буфет бөлмелері, кір жуу орны, жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, сондай-ақ 48 орындық жатын орын қарастырылған»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен қатар, Астана, Қызылорда, Павлодар облысында, Түркістан қаласында спорт кешендері салынған.