Елімізде ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында 500-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді

48

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Вице-премьердің айтуынша, қазіргі уақытта өңірлерде заманауи ауруханалар салу және медициналық мекемелерді жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде,  ана мен бала өлімі жыл сайын төмендеп, халықтың дәрі-дәрмекпен қамтылу деңгейі жақсарып келеді.

«Президенттің бастамасымен іске асып жатқан “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында 500-ден астам медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 140-тан астам ауылдық амбулатория мен медициналық пункт іске қосылады. Өңірлерге жұмыс сапарларым барысында осы нысандардың құрылыс барысымен және оларды медициналық кадрлармен қамту жайымен таныстым. Жалпы, ауыл тұрғындары үшін, ұлттық жобаның ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артып келеді», — деді Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар, вице-премьер соңғы уақытта дәрігерлер мен медбикелерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің жиілегеніне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта депутаттық корпуспен бірлесіп қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер пакеті әзірленіп жатыр.

 

Алдыңғы пост
Қазақстандық оқушылар IPhO-2025 олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
Келесі пост
Биыл елімізде ЖОО-ға түсу үшін 93 мың грант бөлінеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu