33
Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары тау ауруының белгілері бар жігітке көмекке келді.
Ғарыш станциясы ауданында теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте 2005 жылы туылған жігіт тауға көтерілу кезінде өзін нашар сезініп, өз бетінше таудан түсе алмаған.
Көмекке дереу ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы мен АМО бригадасы шықты. Зардап шегушіні одан әрі тексеру үшін АМО қызметкерлері Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізді.
Тау ауруы — биік тауға шықанда не ұшақпен жоғары көтерілген кезде ауада оттегінің үлестік қысымының күрт төмендеп кетуінен болатын сырқат. Адамның басы ауырады, басы айналады, қатты ентігеді, әлсіздік сезіледі.