Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқандардың ісі сотқа өтті

53

Қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлады баспасөз қызметі.

«2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған. Мұндай «қызметтің» құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен. Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан. Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды»,- деп жазылған мәлімдемеде.

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

Алдыңғы пост
Зейнетақы тағайындау күні қысқартылды
Келесі пост
Биыл АӨК-де 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu