ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті Хромтау ауданындағы «Магаджан» су бөгетінің қирауына себеп болған немқұрайлылық фактісі бойынша тергеуді аяқтады деп хабарлады ҚМА.
Су бөгетінің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы себеп болған. Аталған әкімдік қызметкері гидротехникалық нысанның техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және төтенше жағдайдың алдын алуға қажетті шараларды қолданбаған.
Апат салдарынан Алға ауданының бірнеше елді мекені мен Ілек және Қарғалы өзендерінің бойындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. Барлығы 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Келтірілген шығын мөлшері 211 миллион теңгеден асты.
Сот кінәлі деп танылған тұлғаға 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.