Екі студент есірткі сатқаны үшін сотталды

57

Петропавл қаласындағы Қызмет көрсету колледжінің 2-курс студенті екі бойжеткен психотроптық заттарды сатқандығы үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды. Біреуі 5 жылға, екіншісі – 6 жыл 8 айға сотталды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

«Тергеу барысында, «одногруппник Макс» атауымен Telegram желісінде жұмыс істеген бейкүнә аккаунттың артында көлеңкелі есірткі бизнесі тұрғаны анықталды. Кәмелет жасына толмаған студент қыздар қысқаша «нұсқаулықтан» кейін нашақор тасымалдаушысының (курьердің) рөлін атқара бастаған: психотроптық зат — меткатинонды (мефедронның аналогы) алып, оны буып-түйіп, қаланың әр түкпірінде «жасырын орындарға» тастаған. Қаржылық есеп айырысу криптовалюта арқылы жүргізілген: «Exodus» қосымшасындағы биткойн-әмиянмен, сондай-ақ P2P-сервистер арқылы анонимді аударымдар және теңгеге айырбастау жолымен. Ұсталған кезде олардан 40 орам психотроптық зат – жалпы салмағы 40 грамнан асатын, яғни аса ірі көлем саналатын есірткі тәркіленді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Прокуратура ескертеді: цифрлық платформаларды пайдаланып, есірткі мен психотроптық заттарды сату — бұл «қосымша табыс» көзі емес, ауыр қылмыс. Мұндай әрекет үшін заң жүзінде қатаң жаза қарастырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкентте жоғалған бала табылды
Келесі пост
Шымкентте бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu