Алматыда мемлекеттік сатып алуларда жалған құжат қолданған қылмыстық топ әшкереленді

42

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысу барысында жалған мәліметтер қолданған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, 2021–2024 жылдар аралығында бір топ адам жалған компаниялар арқылы құрылыс тендерлеріне қатысып, рейтингтерін көтеру мақсатында қолдан жасалған құжаттарды пайдаланған. Бұл қызмет үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

Аталған қылмыстық схеманың нәтижесінде заңсыз алынған табыс көлемі 664 миллион теңгеден асқан. Тергеу болжамы бойынша, бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік (оның ішінде 5 тұрғын үй мен 7 жер телімі) сатып алынған.

Сондай-ақ, күдіктілердің заңсыз әрекеттерінің арқасында жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жуық келісімшарттар жасалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Алдыңғы пост
Қостанай облысында 17 ауыл ішімдіктен бас тартты
Келесі пост
Мемлекет басшысы заманауи перинаталдық орталықтар құрылысын жалғастыруды тапсырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu