СҚО-да 39,8 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтер сотталды

62

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура органдары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сот үкімінің шығуына қол жеткізді. Айыртау ауданының білім бөлімінде жүргізілген тексеру барысында мекеменің бухгалтері 2021 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың сәуіріне дейін ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақы ретінде 39,8 млн теңге көлемінде қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.

2024 жылғы 11 маусымда аудан прокуратурасы аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 28 наурызда Айыртау аудандық сотының үкімімен бөлім бухгалтері кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік және қаржы ұйымдарында материалдық жауапкершілігі бар қызметтерді атқару құқығынан 7 жылға айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Мемлекетке келтірілген 39,8 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2024 жылы бөлім басшысы жіберілген заңбұзушылықтар үшін қызметінен босатылды. Прокуратура органдары бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуын қатаң бақылауда ұстап отыр.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті
Келесі пост
Берденовке жасалған қастандық: Күдікті кінәсін ішінара мойындады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu