Берденовке жасалған қастандық: Күдікті кінәсін ішінара мойындады

43

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша сот процесі өтті.  Сот барысында айыпталушы, Ернар Жиембай, Берденовті өлтіру мақсатында емес, қорқыту үшін қызғаныштан оқ атқанын мойындады. Ол кісі өлтіруге оқталу бойынша тағылған айыппен келіспейтінін, жұмысына еш қатысы жоқ екендігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Берденовті 21 сәуір күні атып кеткен болатын. Қылмыстық іс, Шымкент қаласы әкімдігінің алдында орын алған.Ол, бірнеше оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті сол жерде ұсталған.

Аталған іс бойынша басты күдікті – Ернар Жиембай.Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Жиембай бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болған.

Қылмыстық істен соң, әлеуметтік желі де, түрлі нұсқалар тарап, оқиғаның тұрмыстық сипатта орын алғаны айтылған. Тіпті қызғанышпен байланысты болуы мүмкін деген хабарламалар жарияланған. Алайда, Шымкент қаласының әкімдігі, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

12 мамыр күні, Берденов әлеуметтік желіде жазба жариялап, қиналған шақта қолдау білдіргендерге ризашылығын айтқан болатын.

“Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Алайда сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамның, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді”, – деп жазды ол.

Ал, 26 маусым күні Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, сот процесіне Руслан Берденовтің өзі қатысуы тиіс болатын. Алайда, сотқа келген жоқ.

Алдыңғы пост
СҚО-да 39,8 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтер сотталды
Келесі пост
Шымкентте үшінші үшемдер дүниеге келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu