40
Қытайдың Ганьсу провинциясында қатты жауын-шашын салдарынан жойқын су тасқыны болды. Табиғи апат аймақ тұрғындарына үлкен залал келтіріп отыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазірге дейін 15 адамның мәйіті табылған. Тағы бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен, олардың тағдыры белгісіз.
Мыңдаған адам баспанасыз қалып, қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар жоғалғандарды іздеп, зардап шеккендерге көмек көрсетуде.
Жергілікті билік су тасқыны салдарының ауыр болатынын айтып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.