Ресейден кәмелетке толмағанға зорлық көрсетті деген күдікті экстрадицияланды

30

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті 2024 жылдың қараша айында Қостанай облысында ата-анасымен таныс азамат, психикалық ауруы бар жасөспірімнің үйіне келген. Жәбірленушімен жалғыз қалған сәтте, оның жас ерекшелігі мен денсаулық жағдайын біле тұра, ер адам сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан қашып шығып, халықаралық іздеуге жарияланды. Ол өткен жылы Ресейдің Челябі облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы негізінде елге экстрадицияланды.

Қазіргі таңда, күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекске сәйкес, оның әрекеті үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы қарастырылған

Алдыңғы пост
Түркияда қуатты жер сілкінісі: 16 ғимарат қирап, адам шығыны болды
Келесі пост
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu