Қазақ тазылары Хельсинкидегі WDS 2025 Дүниежүзілік иттер көрмесінде ресми түрде алғаш рет әлемге таныстырылды

34

8 тамызда Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық кинологиялық федерация (FCI) эгидасы аясындағы World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесінде «Қазақ тазысы» ит тұқымы ресми түрде әлемге таныстырылды деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған болатын. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылып отыр. Қазақтың төл ит тұқымдары алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. «2025 жылғы Әлемнің жас чемпионы» аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз болды, Лашын – «Әлем чемпионы», Ару атты тағы бір тазы – «Әлем чемпионы», Көксерек пен Пана – «Әлемнің вице-чемпиондары» атанды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Бұған қоса, Лашын мен Ару Финляндия чемпиондары ретінде марапатталды.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu