25
Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметіне Фурманов шыңына көтерілмек болған екі адам шыңға жете алмай, қайтып келе жатқанда жолдан адасып кетті деген хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына «МузТау» бақылау-құтқару бекетінен бес құтқарушы көмекке шықты.
Құтқарушылар Медеуге жетіп, Кимасар шатқалымен көтеріліп, одан әрі Фурманов шыңына қарай шықты. Нәтижесінде, туристтер табылып, оның біреуі аяғын жарақаттап алғаны анықталды. Құтқарушылар дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Зардап шеккен адам жедел жәрдем бригадасын шақырудан бас тартты.
Құтқарушылар зардап шеккендерді Медеуге дейін жеткізіп, сол жерде күтіп тұрған ата-аналарына тапсырды.