Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанды

15

Ақмарал Ерекешева Болгария астанасы София қаласында өткен көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші мәрте алтын медаль алды.

Әлем чемпионатында жекелей жаттығудағы финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.

Қазақстандық гимнастшы Ақмарал Ерекешева турнирдің іріктеу кезеңінде үш сайыс түрінен финалға жолдама алған еді. Олардың барлығында жүлдегер қатарынан көрінді.

Ақмарал доппен және лентамен жаттығуда алтын медаль алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Айғаным Рысбек булавамен жаттығуда бесінші орын алды.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева ел құрамасынан көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы спортшының бірі.

Алдыңғы пост
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда
Келесі пост
Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu