Әкесі мен баласы 200 кг жуық есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдағаны және өткізгені үшін сотталды

44

2024 жылдың күз айларында «У» және «Т» есімді тұлғалар аса ірі мөлшердегі «гашиш» және «кептірілген марихуана» есірткі заттарын өткізу мақсатында жинап, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында орналасқан шаруа қожалыққа жасырған деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

«01.12.2024 жылы облыс бойынша ҰҚКД-нің қызметкерлерімен жедел іздестіру-шараларын жүргізу нәтижесінде «У» және «Т» есімді тұлғалар 12,7 кг аса ірі мөлшердегі «гашиш» есірткі затын 1 млн теңгеге өткізу барысында құрықталды. Сонымен қатар аталған тұлғаларға тиесілі шаруа қожалықтан өсімдік тәріздес заттар салынған 13 дана қаптар тәркіленіп, ішінен жалпы салмағы 185 кг «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып алынған. Жамбыл облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23.07.2025 жылғы үкімімен әкесі мен баласы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және  өткізгені үшін ҚК 297-бабының 3-бөлігі 1,3 -тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
7 қазақстандық азамат терроризм үшін сотталды
Келесі пост
Жапонияда жойқын су тасқыны: миллиондаған адамға эвакуация ескертуі берілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu