42
Жапонияда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан бірнеше аймақта су тасқыны мен көшкін жүріп, ауыр жағдай қалыптасты. Табиғи апат салдарынан ондаған үй мен көлікті су басып, кейбір жолдар жарамсыз күйге түсті.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, жалпы саны 3 миллионға жуық тұрғыны бар өңірлерге эвакуация туралы ескерту жасалған. Ең жоғары қауіп деңгейі жарияланған аймақта 380 мыңнан астам адам тұрады.
Қазіргі уақытта бірнеше адамның жоғалып кеткені хабарланып отыр. Қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Құтқару жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.