Түркістанда түтінсіз темекі өндірген жасырын цех әшкереленді: екі азаматқа қатысты үкім шықты

47

Түркістан қаласында түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу фактісі бойынша Омашев Р. мен Ташпулатов Е.-ге қатысты сот үкімі шығарылды. Қылмыстық істі Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізген.

Арнайы операция барысында жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын, күнделікті 30-дан астам жұмысшы тартылған жасырын өндірістік цех анықталып, жойылды.

Тергеу барысында шикізатты дайындаудан бастап, логистиканы ұйымдастыру және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ірі көтерме жеткізушілер арқылы өнімді өткізетін қылмыстық схеманың толық тізбегі әшкереленді.

Заңсыз айналымнан 635 қорап дайын түтінсіз темекі өнімі, сондай-ақ адамдардың денсаулығына қауіпті 57 канистр хош иістендіргіш пен уытты қоспалар тәркіленді.

Сот санкциясымен өндірістік жабдықтар мен қылмыстық жолмен алынған табыстың есебінен сатып алынған автокөлікке тыйым салынды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, айыппұл жазасын тағайындады. Сонымен қатар тәркіленген көлік пен өндірістік құрал-жабдықтар мемлекет меншігіне өтті.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Алдыңғы пост
Есірткі саудасына байланысты сотталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu