Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

26

Мемлекет басшысы, үшінші мегаполистің әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, қаланың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ғабит Сыздықбеков, жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді. Оның айтуынша, биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген.

Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты.

Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады.

Жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді деді Шымкент қаласының әкімі. Сонымен қатар, жол-көлік инфрақұрылымының дамуына тоқталып, оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылған.

Президент тапсырмасына сай, активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Атап айтқанда, Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қиял әлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне өткен.

Президент, қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

 

Алдыңғы пост
ҚТЖ табысын 1,5 трлн теңгеден астам арттырды
Келесі пост
Некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu