20
Ернар Жиембай, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Алайда, сотталушы үкіммен келіспейді. Оның туыстары да, бұл жазамен келіспей отыр.
«Сот барысында болған нәрселердің 50 пайызы ғана ақпарат жүйесінде жарияланды. Қалғандары айтылмады. Тергеуге бізді қатыстырмады. Тергеу біржақты өтті. Берденовтің костюмдері экспертизаға берілмеген. 45 күннен кейін алып келіп берді. Оны да мен жазып жүріп, алдырттым. Менің балам жынды емес. Бекерден бекер барып ататын.»,-деді әкесі
Естеріңізге сала кетейік, прокурор Жиембайға 11 жыл 3 ай беруді сұраған болатын.