Сән-салтанатта өмір сүру үшін алаяқтық жасаған

20

Кінәлі 5 ай бойы достарымен бес жұлдызды қонақ үй бөлмелерінде тұрып, қымбат мейрамханаларда кешкі ас ішіп, дәмді тағамдарға тапсырыс беріп, элиталық ерлер киім дүкендерінен киім-кешек сатып алып, банк атынан расталмаған төлем тапсырмаларын берген деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

«Жәбірленушілер өз кезегінде төлем құжаттарының түпнұсқасын тексермей, оған тауарлар мен қызметтерді көрсеткен. Сотталушы төлем құжаттарын банктік қосымша арқылы жіберген, бірақ іс жүзінде шотта қаражат болмаған. Мысалы, алаяқ қонақ үйде бөлмелерді брондап, бірнеше күн бойы достарымен бірге тамақ пен сусынға тапсырыс беріп, тұрақтаған. Қонақ үй қызметкерлерін алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы ол жоғарыда аталған төлем тапсырмаларын берген. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге 4,4 млн теңге көлемінде ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілген»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Ақшаның түспегенін білген жәбірленушілер құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, алаяқтыққа әлеуметтік желілерде танымал болу үшін барғанын, ол жерде өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, суретін жариялағанын көрсетті.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 8 млн теңгеден астамды құрады.

Сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қала прокуратурасы ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың дұрыстығын уақтылы тексеруді ұсынады.

Алдыңғы пост
Руслан Берденовке оқ жарақатын салған Ернар Жиембай 9 жылға сотталды
Келесі пост
Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетел азаматы ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu