Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетел азаматы ұсталды

22

Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың сыбайласын ұстады. Ол, көрші шет мемлекеттен келген азамат.

Күдікті Қазақстан шекарасынан өту кезінде «Капланбек» шекаралық бақылау пунктінде қолға түскен. Оның жанынан SIM-box құрылғысы табылған. Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл құрылғы алаяқтарға Қазақстан азаматтарымен түрлі отандық мобильді нөмірлер арқылы байланыс орнатып, өздерінің нақты мекенжайын жасыруға мүмкіндік берген.

Қазіргі уақытта шетел азаматының басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Алдыңғы пост
Сән-салтанатта өмір сүру үшін алаяқтық жасаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu