1 қыркүйектен бастап көше тәртібін бұзғандар қоғамдық жұмысқа тартылады

69

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар жазаны айыппұлмен ғана емес, қоғамдық жұмыстар арқылы да өтеуге міндеттеледі. Жаңа ереже қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Құжатқа сәйкес:

Отбасы мүшелерінің мазасын алып, зайыбының ар-намысына тию – кемінде 20 сағат көлемінде көше тазалау сияқты қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеледі;

Көпшілік жиналатын орындарда былапыт сөз айту, айналасындағыларға тиісу және балағаттау –  20-60 сағат аралығында қоғамдық жұмысқа жегуді қарастырады. Қайталанған жағдайда бұл мерзім 100 сағатқа дейін ұлғаюы мүмкін;

Қоғамдық орында қоқыс тастау, бұзушыны 40-80 сағаттық жұмысқа міндеттейді;

Алкоголь ішіп, не мас күйде қоғамдық орындарға келу – 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартуға негіз болады.

Жаңа шара қоғамда құқық бұзушылықты азайтуға және азаматтардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Қоғамдық жұмыстардың нақты түрін жергілікті әкімдіктер белгілейді.

Алдыңғы пост
Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Келесі пост
Жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu