31
2025–2026 оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырады деп хабарлады баспасөз қызметі.
«Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстардан өтеді. Жыл басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам мұғалім қатысты. Олардың ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі айтарлықтай басым — 56%»,-деп жазылған мәлімдемеде.