Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова көлік қаққан балалардың жағдайымен танысты

11

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен балаларға барды деп хабарлады баспасөз қызметі.

Министр, Астана қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған екі баланың жағдайымен жеке танысты.

«Жарақаттық шок жағдайында, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен зардап шеккен баланы тұрақтандыруға қол жеткізілді және бүгін ол реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстырылады», -деп хабарлады бөлімше дәрігерлері.

А. Әлназарова балалар ауруханасының емдеуші дәрігерлерімен әңгімелесті, оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттан бастап шұғыл көмектің толық көлемін қамтамасыз еткен мультидисциплиналық бригадалардың үйлесімді жұмысын атап өтті.

Сапар барысында ведомство басшысы баланың анасымен кездесіп, тезірек қалпына келуін тілеп, шын жүректен қолдау білдірді.

«Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық болып табылады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігі ЖКО-дан зардап шеккен балаларды емдеу процесін ерекше бақылауда ұстауды жалғастырады.

Алдыңғы пост
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
Келесі пост
Құтқарушылар тауда жоғалған екі жасөспірімді тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu