​Дихандар суару мәселесімен шағымданды

15 қыркүйек, 10:32

Түркістан облыстық "Қазсушар" мекемесіне Созақ ауданы Сызған ауылының фермерлері шағымын айтып, өтініштерін білдірді.

Теріскейлік шаруалардың айтуынша ағын су жетіспей, салдарынан олар қыруар шығынға ұшырап жатыр.

Мәселен, жергілікті дихан Ерлан Насыров биыл 4 гектар жерге жүгері, 3 гектар аумаққа жоңышқа еккен. Бірақ, су жетіспеушілігінен жоспарлаған өнімін ала алмады.

Созақта мұндай шағым жетерлік. Сондықтан, осы аймаққа арнайы келген "Қазсушар "РМК Түркістан филиалының басшысы мәселені шешу жолдарын қарастырып, аудандағы басшыларға жұмыс барысын үнемі баяндап отыруды тапсырды.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже