Elitar. kz жақсы іс жасап, ұялы байланыс бірлігін толтырып алуға шақырады

02 қараша, 12:05

Elitar.kz «Белсенді азамат» акциясын іске қосады.

Құрметті Шымкент тұрғындары! Elitar.kz «Белсенді азамат» акциясын іске қосады. Енді өз қаламыздың тынысын жақсартуға үлес қосу екі есе тиімді.

Бір жағынан, сіз ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кессеңіз, екінші жағынан, ұялы телефоныңыздың балансына қаржы табасыз.


Бұл үшін:

- кез келген жерге қоқыс тастау;

- қаланың мүлкін бүлдіру (орындыққа аяғымен шығып алғандар, шамдарды, орындықтар мен аялдамаларды сындыру, аялдамаларға жарнама жапсыру әрекеттері);

- жолдың тыйым салынған тұсынан немесе бағдаршамның қызыл түсіне өту және осы секілді әрекеттерді фотоға немесе видеоға түсіріп алып, +7 778 501 01 71 нөміріне WhatsApp арқылы жіберсеңіз болғаны.

Тек сіз фотоға немесе видеоға түсіріп алған құқық бұзушылық болған жер мен уақытын көрсетуді ұмытпаңыз.

Сіздің материалыңыздың барлығын біз шара көру үшін құқық қорғау орындарына жібереміз.

Ал сіз нөміріңіздің балансына 300 теңге аласыз.

Акцияның ең белсенді қатысушылары үшін сыйақы мөлшері көбейтіледі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже