​Түркістан "Самұрық-Қазынаның" қандай нысандарымен толықтырылды?

16 қыркүйек, 14:30

 "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Түркістанға іс-сапармен келді. Сапар барысында Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанға Ұлттық қор тапсырыс берген нысандарды беру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Түркістанда жақын арада 7 мың орындықты стадион спорт сүйер қауымға жұмысын бастайды. Билік ресми түрде нысанды әлі қабылдамағаны рас. Жақын арада Түркістан аренасы қолданысқа беріледі.



"Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында сіз басқарып отырған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры облыс орталығындағы ең маңызды бес әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысын сәтті жүзеге асырды", - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

"Самұрық-Қазына" қоры еліміздің рухани астанасының дамуына үлкен үлес қосты. Қаланың басты көрікті жері - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі толығымен жаңартылды. Бас поштаға жаңа ғимарат салынды.


Сондай-ақ, рухани астанада Конгресс-холл қайта құрылды. Мұнда түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Орталық қонақтар алдында ұятқа қалмайтындай етіп салынған.

Айта кетейік, Түркістан келген қонақтар таң қалмай кетпейтіндей дәрежеде өзгерді. Рухани астананың туристік аймағында сирек кездесетін экспонаттар қойылды. Солардың бірі - Кенесарының қылышы. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, бұл түпнұсқалы экспонат объектіні тәулік бойы күзетеді.


"Жыл басынан бері біз әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысына кірістік. Олардың біріншісі - амфитеатр жыл басында пайдалануға берілді, қалған бесеуін Түркістан облысының әкімдігіне тегін беруге дайынбыз. Құрылыс барысында әкімдік айтарлықтай қолдау көрсетті", - деді Ахметжан Есімов.

Ұлттық қор басшысы Ахметжан Есімов Түркістанға сапары барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке өңірдегі жұмысы үшін жеке алғысын білдірді. Оның айтуынша, Шөкеевтің арқасында жаңа рухани астананы құру бойынша көптеген жоспарлар іске асырылды

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже