Мемлекеттік қолдау арқылы жеке кәсібін бастады

19 қыркүйек, 23:08

Икрам Аброржан - Түлкібас ауданына қарасты Азаттық ауылының тұрғыны. 2019 жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік мектебінде бір ай оқып, 505 мың теңгеге қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Ол қаржыға автоэлектрик қызметін ашқан. Бүгінгі күні осы бағытта жұмыс қарқынды атқаруда.

Айта кетерлігі, биыл «Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Түлкібас ауданы бойынша 127 азаматтың әрбірі 555600 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Оның ішінде: 79 азамат алған қаржыны мал шарушылығы, 38 азамат үй іргелік жерден мол өнім алу бағытында тамшылатып суару әдісін енгізу, ал қалған 10 азамат тігін цехі, шаштараз, тәтті тағамдар дайындау, массаж салондары мен көлік жөндеу цехін ашу мақсатында кәдесіне жаратқан.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже