«Заңсыз-кордон» ЖПБ: Шымкентте 759 құқық бұзушылық анықталды

18 қазан, 14:05

‎Еліміздің үшінші мегаполисінде «Заңсыз-кордон» жедел-алдын алу шарасының 7 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 759 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.‎

‎Осылайша, Қазақстан Республикасының 155 азаматы шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз етті, 33 Қазақстан республикасының азаматы шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланды. Олардың барлығы ҚР Әкімшілік кодексінің 518 және 519-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.‎
‎Сонымен қатар, 204 адам жеке басын анықтау мақсатында департаменттің қабылдау-бөлу мекемесіне жеткізілді.‎
‎Айта кетейік, жыл басынан бері республикада 12 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталған. Олардың 9 мыңға жуығы елде болу мерзімін бұзушылық және 3300 заңсыз еңбек қызметінің фактілері анықталды. Бұл туралы 18 қазанда өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз хабарлады.‎
‎Оның айтуынша, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 535 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығарып жіберу туралы 792 сот шешімі қабылданды.‎
‎ «Полиция қызметкерлері жыл басынан бері соттан шығару туралы шешім қабылдаудан жалтарған, елден күштеп шығарылған 130 шетелдікті анықтады», - деді Нұрділда Ораз
‎ Мысалы, Түркістан облысында түрлі құрылыс алаңдарында құжатсыз еңбек қызметімен заңсыз айналысқан 98 шетелдік анықталды. Осындай фактілер Шымкент, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында да анықталды. Заңсыз айналысқан шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже