Созақ ауданында түйе шаруашылығы қарқынды дамуда

15 қазан, 10:09

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі - түйені көбейту қолға алынды.

Облыс басшысы ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырған болатын. Осы мақсатта түйе түлігін асылдандыруға 2000-ға жуық түйе аналығы сатып алынды. Оның жартысы жеңілдетілген несие алу арқылы, қалғаны азаматтардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында түйе шаруашылығымен айналысатын бірқатар шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже