Түлкібас: "Боз" каналын жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталмақ

19 қыркүйек, 23:36

Балықты ауылдық округіне қарасты «Боз» каналының жалпы ұзындығы 9,8 шақырымды құрайды. Аталмыш су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары мен ағымдағы жөндеу жұмыстары тамыз айының орта тұсында бастау алып, жыл соңына дейін толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Түлкібас ауданында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.

2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмақ. Биыл жыл соңына дейін 13 су нысанының 7-іне темір бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы ұзындығы 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» магистральды каналдары 5064 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ағынды сумен қамтымақ.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже