Түркістан қаласында 5 мыңға жуық отбасына 50 мың теңгеден көмек берілді

14 қазан, 15:32

Түркістан қаласында тұратын 4852 отбасыға 50 мың теңгеден аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Арнайы көмек алғандардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы, көмекке мұқтаж 2273 адам және 2404 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сонымен бірге мүгедек бала күтімімен отырған 15 жанұяға және ҰОС мүгедектері, оларға теңестірілген 160 адамға көмек қаражаты аударылды.
Айта кетейік, мұқтаж отбасылардың тізімі Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті бөлімі базасындағы дерек бойынша әзірленді. Сонымен бірге партияға келіп түскен өтініштер де негізге алынды. Жалпы, Түркістан облысы бойынша «Birgemiz» қоры арқылы 38 907 отбасына 50 мың теңге берілген болатын. Өңір тұрғындары партияның бұл бастамасын жоғары бағалап отыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже