Түркістан облысында интернет сапасы бойынша 109 call-орталығы іске қосылды

14 қазан, 15:37

Түркістан облысының ауылдық өңірлерінде ұялы байланыс және интернет мәселесі бойынша 109 call-орталығы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық облыс тұрғындары мен қонақтары үшін ғаламторды барынша қолжетімді ету және тарифтерді қосу бойынша кеңес береді. Сall-орталық сондай-ақ, базалық қондырғыларды орнату бойынша қоңырау қабылдамақ. Ауыл тұрғындары интернет тарифін қосу мен байланыс қызметі бойынша осы желіге өтінішпен жүгіне алады.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта ұялы байланыс нашар аймақта тұратын тұрғындардың қашықтан жұмыс істеу және онлайн оқыту мүмкіндігін арттыру мақсатында ол аймақтар 3G және 4G интернет желісімен толық қамтамасыз етілмек.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже