Арысты қалпына келтіруге шамамен 20 млрд теңге қажет

02 шілде, 12:56

Арысты қалпына келтіруге шамамен 20 млрд теңге ($53 млн) қажет, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, Владимир Беккер.

"Шығындарға қатысты айтып өткенімдей, алдын ала мәліметтер бойынша 7600 үй бар деп айтылған. Кеше кешке нысандар саны 8 мыңнан асты... 6 мыңға жуығы зақымданған. Бұл сан өзгеруі мүмкін. Кеше біз бұл мәселені талқыладық. Шығын сомасы шамамен 20 млрд теңге. Бұл қалпына келтіру үшін қажетті қаражат, бірден айтқым келеді, бұл сан өзгеруі мүмкін. Бұл алдын ала деректер, олар жұмыс жасап жатыр. Менің ойымша, 15 шілдеге қарай нақты сан белгілі болады, өйткені бағалаушылар жұмыс істеуде, онда жұмыс жеткілікті,-деді Беккер.

Ол Арыста енді Арсенал болмайды деді: "Ел Президенті арсеналды Арыс қаласынан алып шығуға тапсырма бергеніне байланысты Арсенал болмайды, ешқандай қауіп жоқ.".

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже