Бір тәулік ішінде Арыс қаласының аумағында 45 өрт ауыздықталды

25 маусым, 15:53

Бұл туралы брифинг барысында ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлім етті.

"Жеке тұрғын үй секторында өртті жою жұмыстары кешегі күні және бүгінгі түні жүргізілді, жалпы алғанда 45 өрт ауыздықталды, оның ішінде 21 – і – тұрғын үйлерде, 9 – ы шаруашылық құрылыстарда және 15 табиғи өрт, олар далада жарықшақтар мен оқ-дәрілердің ұшуы нәтижесінде пайда болды", - деді Ильин Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Қала аумағын жарылмаған снарядтардан тазарту бойынша саперлік жұмыстар қатар жүргізілуде

"Осы топтардың бір бөлігі – 100-ден астам адам қазір темір жол станциясында жұмыс істейді, темір жолдар тексерілуде, қалған бөлігі елді мекенде және әскери бөлім аумағында жұмыс істейді",-деп жалғастырды вице-министр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже