90 құрылысшы Арыс қаласында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

03 шілде, 13:00

Алдағы уақытта олардың санын 500-ге дейін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

"№10 сектордағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтқым келеді. Мен айтқандай, бұл сектор Шымкенттің жауапкершілік аймағында.

Штаб туралы қысқаша мәлімет - мұнда қала әкімдігінің 22 маманы жұмыс істейді және тұрғындар кез-келген уақытта оларға қандай да бір сұрақтармен жүгіне алады. Мен күн сайын штабқа барамын.

Біздің жауапкершілік аймағында 644 үй орналасқан. Оның 574-і жөндеуді қажет етеді.

6 ірі компания анықталды. Олар барлық зақымдалған үйлерде өлшеулер жасап, 90 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Жақын арада құрылысшылар санын 500-ге дейін жеткіземіз. Камаздар, экскаваторлар және басқа да қажетті арнайы техника әкелінді.



Әрбір көшеде жауапты мердігер көрсетілген билбордтар мен телефон орнатылған. №10 секторы бойынша барлық қалпына келтіру жұмыстары бір ай ішінде аяқталады", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Instagram-дағы ресми парақшасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже