Арыс: Мемлекеттен 100 мың теңге алу үшін құжат тапсыру міндетті

04 шілде, 19:03

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек айтты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

"Жарылыстардан зардап шеккен арыстық тұрғындарға мемлекет тарапынан берілетін көмек қаражат - 100 мың теңгеге қол жеткізу үшін құжат тапсыру қажет", - деді қала әкімі Мұрат Қадырбек:

"Мүмкіндігінше құжаттар тізімін азайтуға тырыстық. Есепшот ашудың қажеті жоқ. Себебі әрқайсысына банк бір-бір карточкадан береді. 100 мың теңге қаражат сол карточканың ішінде болады. Жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік тапсыру міндетті. Яғни құжат жинау қажет".

Ал қаржылай көмекті алу тұрғысында белгілі бір шектік мерзім жоқ.

"Азамат әлеуметтік бір жолғы көмекті алу үшін өтініш жазуы керек. Ал аталған құжаттар өтінішке тіркеледі. Құжаттары жоғалған жағдайда ХҚКО арқылы қысқа мерзімде дайындап береміз. Өтініш қабылдау бойынша шекті мерзім жоқ. Азаматтық кодексті басшылыққа ала отырып 3 жылға дейін сұрауға құқығы бар",-деді қала әкімі.

Ал жарылыстар кезінде құжаттары жоғалып немесе өртеніп кеткендердер құжат алу үшін айыппұл төлей ме деген сұраққа іркілген әкім: "Бұған ХҚКО нақты жауап береді", деді.

Айта кетейік, апта басында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев брифинг кезінде "тұрғындарға ешқайда барып, ешқандай құжат жинауының қажеті жоқ, мәліметтерді база арқылы анықтаймыз" деген болатын.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже