Арыс қаласында оқ-дәрілерді кезекті жою 8 шілдеде жүзеге асырылады

07 шілде, 18:31

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев твиттердегі парақшасында хабарлады.

"Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында оқ-дәрілердің фрагменттерін жою бойынша полигонды (Арыстан 60 шақырым жерде) тексердім. Саперлік бөлімшеге нұсқаулық жүргіздім. Кезекті жою 8 шілдеде болады", - деп жазды министр.

Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілердің фрагменттерін жою мәселесін жеке бақылауына алды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже