Арыс қаласының тұрғындары білікті дәрігерлерге қаралды

07 тамыз, 09:30

Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралды. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде.

Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Арыс тұрғындары терапевт, эндокринолог, офтальмолог, педиатр, онколог, психологқа қаралып, ЗОЖ мамандары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңестер алды.

5-9 тамыз аралығында барлық аудан, қалаларда жыл сайынғы республикалық «Денсаулық жолы» акциясы өтеді. «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындарға құрамында тұз, қант, майлардың (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеудің немесе қолданбаудың денсаулыққа пайдасы туралы хабарлау, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын-алу үшін тұрғындарды салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы өз денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға үндеу.

Түркістан облысының тұрғындарына арнайы медицина мамандарынан құралған мобильді топ медициналық, профилактикалық кеңестер берді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже