Арыс әкімі аскери бөлімге жақын аумақтағы үйлердің санын білмейтін болып шықты

05 шілде, 09:10

Мұны қала әкімі Мұрат Қадырбек бір учаскеде екі үйден салынып, екінші үйдің заңды түрде тіркелмеуінен деп түсіндірді. Бұл жайт БАҚ өкілдері қатысқан брифингте белгілі болды, деп хабарлайды, Elitar.kz тілшісі.

«Көктем» шағынауданындағы жер үйлердің саны қанша деген сауалға жауап бере алмаған әкім ондағы жаңа салынған үйлердің әлі заңдастырылмағанын алға тартты.

«Көктем» шағынауданындағы жер үйлердің саны қанша екенін нақты қазір айту қиындау, есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерден заңдастырылмаған үйлер шығып жатыр. Құжаттары жоқ. Бір учаскеден екі үй салған фактілер бар. Ол үйлердің барлығын заңдастырып беруді ойға алып отырмыз. Жалпы ол шағынауданда тұратын адам саны белгілі. Бірақ үйлер саны нақты емес. Бір учаскеде екі үйдің салынуы мәселе туғызып отыр. Оларға көмек қосымша салынған үйге емес, сол ауладағы тіркеуде тұрған негізгі үйге беріледі»,-деді Мұрат Қадырбек.

Арыс қаласы әкімінің айтуынша, «Көктем» шағынауданында жер телімдері 2008 жылдан бастап беріле бастаған.

«Көктем» шағынауданы қаланың бас жоспары бойынша қала аумағына кіреді. Ондағы жерлер 2008 жылдан бастап беріле бастаған»,-деді ол.

Әскери бөлім аумағында сондай-ақ бес барак типтес үй бар. Бірі жанып кеткен, төртеуі зақымданған. Десе де ол үйлер жөнделетін үйлер тізіміне енбей қалған.

«Ол әскери бөлімнің аумағында болғандықтан 17 секторға кіргізілген жоқ. Бірақ облыстық бюджеттен бөлінген ақша негізінде ол үйлер қайта тұрғызылады», - деді қала әкімі.

"Қала аумағына кіретін үйлер бас жоспар бойынша әскери базаға 400 метр қашықтықта орналасқан. Ал әскери база аумағындағы барак үйлер әскерилердің отбасыларына арналып салынғандықтан бөлімге өте жақын орналасқан және қала аумағына кірмейді» деп түсіндірді әкім.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже