Арыс: ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды

11 шілде, 16:39

"Арыстағы әскери арсеналдан "Луна" бомбасы шығарылады" деген - жалған ақпарат. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

WhatsApp әлеуметтік желісінде "12-15 шілде аралығында Арыстағы әскери арсеналдан "Луна" бомбасы шығарылады" деген жалған ақпарат тарауда. Осы орайда ҚР Қорғаныс министрлігі мұндай зымыранның әскери бөлімшеден 2011-2014 жылдары жойылғанын хабарлайды.
Жалған мәліметке сенбей, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз!

ҚР Қорғаныс министрлігі

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже