#АРЫСБІЗБІРГЕМІЗ

25 маусым, 10:48

Соңғы күндері бұл хештег өте танымал болды. Онда арыстықтарға берілетін көмек туралы хабарламалар харияланады. Мәселен, әр түрлі ұйымдар мен ведомстволардың қызметкерлері арыстықтарға көмек көрсету қорына жалақы аудару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы олар әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда хабарлады.

ҚР Әділет министрлігінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық департаменттердің қызметкерлері бір күндік жалақысын Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмекке аударуға шешім қабылдады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ведомствоға қарасты мекемелердің ұжымы да осындай көмек көрсетеді:

"Қымбатты достар.
Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің ұжымы бір күндік жалақысын жергілікті халыққа көмек көрсету қорының шотына аудару туралы шешім қабылдады.
Барлығымызға көмектесуге шақырамыз.
Деректемелер: БСН 1805 4001 5308
ЖСК KZ7594 7039 8991 3701 12
БИК ALFAKZKA "Альфа-Банк" ЕБ АҚ"

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже