Арыста қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

05 шілде, 10:22

Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауарөндірушілер 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Жәрмеңке Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30-50%-ға төмен бағада ұсынылды. Қаланың орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері, атап айтқанда 24 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 16 тонна сүт өнімдері, 41 тонна көкөніс, 5 тонна балық, сонымен қатар 24 тонна бақша өнімдері келіп түсті.

"Бұл жәрмеңкені Өмірзақ Естайұлының тікелей тапсырмасымен ауылшаруашылық басқармасы ұйымдастырып отыр. Жәрмеңке жеңілдетілген бағамен өткізілуде. Бүгінгі жәрмеңкеге 180 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімдері келіп отыр. Мұнда 18 ірі кәсіпорындар қатысып отыр. Барлығы да экологиялық таза өнімдер. Бұл елдің Арыс қаласына деген үлкен жәрдемі",- деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов.

Тауарлар таңғы жетіден бастап сатылып жатыр. Бүгінгі жәрмеңкеде сондай-ақ Бәйдібек, Созақ аудандарының өнерпаздары өнер көрсетуде.

««Ордабасы Құс» өз өнімдерінің бағасын 50 пайызға түсіріп отыр, «Дала фрут», «Сапа» серіктестігі, Шардарадағы СПК «Хамит» серіктестігі де осында. Олардың бұл әрекетін Арыс қаласына деген мейірім-шапағаты деп білеміз. Біз Арыс қаласының тұрғындарымен біргеміз»,-деді Тұрғанбек Оспанов.

Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесі 24 маусым күні жарылыстардан зардап шеккен арыстықтарға "Арыс, біз сіздермен біргеміз" қайырымдылық акциясы аясында өткізіліп отыр.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже